Қамқорлық Кеңестің отырысының №2 ХАТТАМАСЫ.
Қызылжар орта мектебі базасында
Қамқорлық Кеңестің отырысының
№2 ХАТТАМАСЫ
Жаңа-Тұрмыс ауылы 2019 жылдың 11 қаңтары
Қатысқандар: Қызылжар орта мектебінің директоры Жунусова Д.М. , Власенко Е.А.
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде
- Қызылжар орта мектебі мен Акимовка негізгі мектебі оқушылары арасында шахмат пен дойбы жарыстарын ұйымдастырып өткізу.
- Акимовка негізгі мектебінің оқушыларын шахмат пен дойбы жарысына қатысуға Жаңа тұрмыс ауылына жеткізу.
Бірінші сұрақ бойынша «Фермер-2010» ЖШС өкілдері Собкович Петр Владимирович пен Заморский Михаил Дмитриевич тыңдалды: Федоненко Владимир Иванович «Фермер- 2010» ЖШС жетекшісі Пельцер Валерий Александровичке осы сайысты өткізу туралы өтініш жасаған . Оқушылар арасындағы шахмат пен дойбы сайысына демеуші «Фермер- 2010» ЖШС.
Екінші сұрақ бойынша Акимовка негізгі мектебінің директоры Власенко Елена Анатольевна тыңдалды: Акимовка мектебі шахмат пен дойбы сайысына қатысуға 10 адамнан тұратын оқушылар командасын жібереді, осыған байланысты оқушыларды жарыс орнына жеткізуге көмек сұрайды.
Шешімі:
- Қызылжар орта мектебі базасында өткізілетін шахмат пен дойбы сайысын өткізуге демеушілік көрсетілсін.
- Акимовка мектебінің оқушыларын жарысқа жеткізу ұйымдастырылсын.
Қамқорлық кеңесінің төрайымы Л.Согумбаева
Хатшы Е.Швецова